Өткізу мерзімі: 2026 жылғы 16 ақпан – 01 наурыз (Алматы қ.)
Формат: онлайн тестілеу
Өту тілдері: орыс, қазақ
«Тұран» университеті «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, Қазақстандық маркетинг қауымдастығымен және Дүниежүзілік экономика және халықаралық қатынастар институтымен бірлесіп мектеп оқушыларын, колледж және университет студенттерін, сондай-ақ белсенді жастарды 5-ші республикалық кәсіпкерлік диктантқа қатысуға шақырады.
Диктанттың мақсаты – мемлекет пен қоғамның азаматтардың кәсіпкерлік сауаттылығы мәселесіне назарын аудару, сондай-ақ әр қатысушыға бизнесті жүргізуге қажетті кәсіпкерлік білім деңгейін анықтауға мүмкіндік беру.
Диктанттың міндеттері:
- жастардың іскерлік белсенділігін дамыту;
- білім алушылардың кәсіпкерлік негіздерін оқуға деген ынтасын арттыру;
- кәсіпкерлерді оқытудың жаңа бағдарламаларын әзірлеуге қолдау көрсету;
- кәсіпкерлік қызметте инновациялық ойлауды қалыптастыру;
- кәсіпкерлік құзыреттерді арттыру қажеттілігін түсіндіру.
Өткізу тәртібі:
- диктант 30 жабық сұрақтан тұрады;
- 80%-дан жоғары нәтиже көрсеткен қатысушыға диплом электрондық пошта арқылы автоматты түрде жіберіледі;
- тіркеу кезінде көрсетілген e-mail мекенжайына диктанттан өтуге арналған сілтеме жіберіледі – сілтеме 2026 жылғы 01 наурызды қоса алғанда қолжетімді болады. Электрондық пошта мекенжайын мұқият әрі дұрыс енгізуіңізді сұраймыз.
Тіркелу: forms.gle/HGaow6KZfNVnqB7RA
Ұйымдастыру комитетінің байланысы:
- Дарьдана Маратовна Дадабаева, тел. +7 707 102 9088, e-mail: d.dadabayeva@turan-edu.kz
- Мадина Маратжановна Абайдуллаева, тел. +7 701 355 2216, e-mail: m.abaidullayeva@turan-edu.kz