Шетелдік университеттердің халықаралық фестивалі Тәжікстан–2026

2026 жылғы 6 сәуірде «Тәжікстан–2026» шетелдік жоғары оқу орындарының үшінші халықаралық фестиваль-көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара 6–10 сәуір аралығында Душанбе, Худжанд қалаларында және Данғара ауданында ұйымдастырылды.

 

Біздің команда аталған фестивальге қатысып, оның халықаралық деңгейдегі маңызды білім беру алаңы екеніне көз жеткізді. Іс-шараға Тәжікстан Республикасы Үкіметінің өкілдері, дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдар және әртүрлі елдердің жоғары оқу орындары қатысты.

 

Фестиваль аясында «ЭКСПО-Душанбе» орталығында көрме ұйымдастырылып, қатысушылар білім беру бағдарламаларын, оқуға түсу талаптарын, академиялық ұтқырлық пен шәкіртақы мүмкіндіктерін таныстырды. Бұл білім беру ұйымдарымен тікелей байланыс орнатуға және болашақтағы ынтымақтастық бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді.

 

Іскерлік бағдарлама шеңберінде «Білім сапасы және халықаралық стандарттарға сәйкестік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, жоғары білім беру жүйесін дамыту, ғылым мен технологияларды интеграциялау және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қарастырылды.

 

Қатысу қорытындысы бойынша іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтеміз. Фестивальдің сәтті өтуіне Министерство образования и науки Республики Таджикистан және «Халықаралық бағдарламалар орталығының» ұжымы үлкен үлес қосты.

 

Ұйымдастырушыларға кәсіби көзқарасы, жылы қабылдауы және жоғары деңгейдегі ұйымдастыруы үшін алғыс білдіреміз.

 

Бұл фестиваль халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін маңызды алаң деп санаймыз және білім беру ұйымдарына қатысуды ұсынамыз.

Online қабылдау