«Тұран» университетінде Кәсіпкерлік және әлеуметтік ғылымдар бойынша 12-ші EMI халықаралық конгресі өтеді

2026 жылғы 10–12 маусым аралығында Алматы қаласындағы «Тұран» университетінің базасында Кәсіпкерлік және әлеуметтік ғылымдар бойынша 12-ші EMI халықаралық конгресі өтеді. Конгресс кәсіпкерлік, экономика, менеджмент, білім беру және әлеуметтік ғылымдар салаларындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған беделді халықаралық ғылыми алаң болып табылады.

 

2026 жылғы маусымдағы жағдай бойынша Конгреске қатысу үшін 131 ұйымнан 283 ғалым мен зерттеуші дайындаған 225 ғылыми баяндама қабылданды.

 

Қатысушылар географиясы әлемнің 27 елін қамтиды: Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Грузия, Норвегия, Пәкістан, Румыния, Болгария, Корея Республикасы, Уганда, Бангладеш, Аргентина, Бразилия, Үндістан, Бахрейн Корольдігі, Мальта, Жаңа Зеландия, Иран, Ливан және Сенегал.

 

EMI конгресі 2018 жылдан бері өткізіліп келеді және осы уақыт ішінде ғылыми ынтымақтастықты дамыту мен тәжірибе алмасуға арналған танымал халықаралық платформаға айналды. Бұған дейін Конгресс Түркияда, Кипрде, Солтүстік Македонияда, Босния және Герцеговинада, Өзбекстанда, Румынияда және Қазақстанда өткізілді.

 

Конгрестер өткізу кезеңінде әлемнің түрлі елдерінен келген 3 755 ғалым дайындаған 2 345 ғылыми баяндама ұсынылды, бұл EMI ғылыми платформасының жоғары халықаралық беделін көрсетеді.

 

Қазақстанда 12-ші EMI халықаралық конгресін өткізу халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, академиялық байланыстарды кеңейтуге, озық тәжірибе алмасуға және отандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының халықаралық танымалдылығын арттыруға ықпал етеді.

 

Конгресс бағдарламасы қоса беріліп отыр. Қатысушыларды пленарлық және секциялық отырыстардың кестесімен, сондай-ақ Кәсіпкерлік және әлеуметтік ғылымдар бойынша 12-ші EMI халықаралық конгресі аясында жоспарланған басқа да іс-шаралармен танысуға шақырамыз.

 

Өтетін күні: 2026 жылғы 10–12 маусым

Өтетін орны: «Тұран» университеті, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы

 

Конгресс бағдарламасы

Online қабылдау