Магистратураға түсушілерге арналған кешенді тестілеуге дайындық курстары

ҚҰРМЕТТІ МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ НИЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!
«Туран» университеті магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге (КТ) дайындық бойынша бейіндік пәндерден курстар ұйымдастырады!

Кешенді тестілеуге (КТ) дайындық курсы 2026 жылғы 6 сәуір мен 24 сәуір аралығында өтеді. Оқу таңдалған білім беру бағдарламасына сәйкес екі бейіндік пән бойынша жүргізіледі. Бағдарлама тәжірибелі оқытушылармен әзірленген және тыңдаушыларға білімдерін жүйелеуге, сондай-ақ емтихан алдындағы сенімділікті арттыруға көмектеседі. Тегін дайындықтан өтіп, КТ нәтижелеріңізді жақсартуға мүмкіндік жіберіп алмаңыз!

Курстар үш ағымда өтеді:
1-ағым:
6 сәуір – 24 сәуір 2026 жыл
2-ағым: 4 мамыр – 22 мамыр 2026 жыл
3-ағым: 1 маусым – 19 маусым 2026 жыл
Әр ағымның ұзақтығы: 3 апта

Оқу форматы: онлайн
Оқу құны: тегін
Оқыту тілі: қазақ және орыс тілдері
Мекенжай: Алматы қ., Сәтбаев көш., 16А, 219-кеңсе
Байланыс нөмірлері: +7 747 055 63 25, +7 775 729 2140

📅 Тіркеу 2026 жылғы 29 наурызға дейін ашық.
📎 Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/nDhoquMpmBmHvZV1A

КТ-ға дайындық үшін бейіндік пәндердің жалпы тізімі:

Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі Білім беру бағдарламалары топтарының атауы Бейіндік пәндер
1 бейіндік пән 2 бейіндік пән
M028 Режиссура Шығармашылық емтихан Рефератты қорғау
M032 Аудиовизуалды өнер және медиа өндірісі Шығармашылық емтихан Рефератты қорғау
M064 Халықаралық қатынастар Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты Дипломатиялық және консулдық қызмет
M066 Психология Жалпы психология Даму психологиясы
M067 Журналистика және репортерлық іс. Қазақ журналистикасының тарихы Қазіргі журналистиканың жанрлық түрлері мен қызметі
M070 Экономика Кәсіпорын экономикасы Макроэкономика
M072 Менеджмент Менеджмент Бизнесті ұйымдастыру
M073 Аудит және салық салу Бухгалтерлік есеп негіздері Аудит
M074 Қаржы, банк ісі және сақтандыру Қаржы негіздері Корпоративтік қаржы
M075 Маркетинг және жарнама Маркетинг Маркетингтік зерттеулер
M078 Құқық Мемлекет және құқық теориясы Жағдаяттық кейс (ҚР Заңнамасының және/немесе халықаралық құқықтың нормаларын қолдану негізінде нақты тәжірибелік жағдайды кешенді құқықтық талдау)
M094 Ақпараттық технологиялар Алгоритмдер мен деректер құрылымдары Деректер базасы
M147 Туризм Туризмология негіздері Экскурсиятану

 

Online қабылдау