Салкынбаева Фатима Давитбаевна және Есахметова Ляйля Муратбековнаға PhD философия докторы дипломдарын табыстау

“Тұран” Университетінде «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша  PhD докторы дипломын Есенов университетінің түлегі Салкынбаева Фатима Давитбаевнға  және Алматы технологиялық университетінің түлегі Есахметова Ляйля Муратбековнаға табыстау рәсімі өтті.

Салкынбаева Фатима  Есенов университетінде Экономика бағдарламасы бойынша PhD дәрежесін қорғап шыққан алғашқы докторант. Диплом табыстау рәсіміне  “Тұран” университеттің білікті профессорлары, Тұран университетінің ректоры Алшанов Рахман Алшанұлының алғашқы шәкірттері және Есенов университетінің ұжымы да онлайн қатысты.

Докторлық диссертацияны қорғау жоғары деңгейдегі ғылыми дайындықты, рецензияланатын ғылыми журналдарда және халықаралық Scopus деректер базасына енгізілген басылымдарда мақалалар жариялауды талап етеді.

Фатима мен Ляйляны PhD докторы  дәрежесін алуларымен шын жүректен құттықтаймыз!

Online қабылдау