Британдық Кеңестің Қазақстандағы қолдауымен «Туран» университетінде «Қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу» воркшопы өтті

2026 жылдың 12 наурызында Туран Университетінде шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын құру мәселелеріне арналған «Қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу» атты воркшоп өтті. Іс-шара Қазақстандағы Британ Кеңесінің қолдауымен өткізілді.

 

Воркшоп барысында қатысушылар қос дипломды бағдарламаларды іске қосу жолындағы негізгі қадамдармен танысты: алғашқы тұжырымдамадан бастап оқу мазмұнын келісуге дейін, сондай-ақ дипломдар мен біліктіліктерді өзара тану рәсімдеріне дейін. Воркшопты Қазақстандағы Британ Кеңесінің білім беру бағытының жетекшісі Надежда Трубова және Туран Университетінің Жоғары психология мектебінің қауымдастырылған профессор-зерттеуші Тургумбаева Айжан Маратовна бірлесіп өткізді. Воркшоп қорытындысы бойынша қатысушылар халықаралық академиялық ынтымақтастық саласындағы одан әрі диалогқа дайындықтарын білдірді және шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын іске қосудың мүмкін бағыттарын қарастыруға келісті.

Online қабылдау