«Тұран» Университетін, 17 наурызда студенттер арасында тәуелсіз ғылыми іздену дағдысын үйретуді мақсат еткен тағылымға толы ғылыми шара өтті. Республикалық ғылыми-тәжірибелік шараға «Тұран» университетімен қатар Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Нархоз Университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақ-Америка университеті, К. Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті, Мұхамеджан Тынышбаев атындағы АЛТ университеті студенттері белсенді қатысты.
Конференция барысында ХІХ ғасырдың көрнекті мәдениет өкілі, қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ, саяхатшы және көптеген ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан Шоқан Уәлихановтың бай ғылыми мұрасы жан-жақты талқыланды. Қатысушылар өз баяндамаларында ғалымның еңбектерінің тарихи, ғылыми және рухани маңызын атап өтіп, қазіргі заман тұрғысынан өзекті пікірлерімен бөлісті.
Аталмыш конференция студенттердің ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға, ұлттық ғылым мен мәдени мұраны дәріптеуге, сондай-ақ жас ғалымдардың зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.