2026 жылдың 19 наурызында «Тұран» университетінің «Туризм» бағдарламасы бойынша магистранттарына «Музейлік коллекцияларды басқару: дәстүрлер мен перспективалар» тақырыбында қонақтық дәріс өтті.
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ғалым хатшысы, PhD-кандидаты Мөлдір Тынайқұлова қазақстандық музейлердің өз коллекцияларын цифрландырудағы тәжірибесі мен келешегі туралы айтты.
Дәріс «Музей менеджменті: қолданыстағы тәжірибелер және болашақ тенденциялар» курсының бір бөлігі болды (дәріс беруші: тарих ғылымдарының кандидаты Г.Ш. Файзуллина, Туризм және қонақжайлылық жоғары мектебінің доценті).