«Тұран» университетінің түлегі Дәулет Шайтұрсын Алматы облысының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Дәулет Шайтұрсын Алматы облысының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Жаңа басқарма биылғы жылдың 11 наурызында Мемлекет басшысының балалардың құқықтарын қорғау жүйесін күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес құрылды.

Дәулет Шайтұрсын 1988 жылы дүниеге келген. «Тұран» университетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша түлегі.

Еңбек жолын 2008 жылы «ҚызылордаОтын» ЖШС директорының көмекшісі қызметінен бастады. Әр жылдары «АБК-Құрылыс» ЖШС директорының бірінші орынбасары және директоры, Қызылорда облыстық филармониясының бас әкімшісі, облыс әкімі аппаратының инспекторы, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің маманы, Алматы қаласы әкімі аппаратының бас маманы және бас инспекторы, Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысы, сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Өткен жылдың наурызына дейін Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы және облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. Одан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы болып жұмыс істеді.

«Тұран» университеті өз түлектерінің жетістіктерін мақтан тұтады және оларға алдағы мансап жолында табыс, кәсіби өсу және жаңа жетістіктер тілейді.

Online қабылдау