«Тұран» университеті базасында KPMG компаниясының ауқымды Assessment Center шарасы өтті

Тұран университетінің базасында алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының амбициялы студенттерінің басын қосқан халықаралық KPMG компаниясының ауқымды Assessment Center іс-шарасы өтті. Бұл кәсіби шараның ұйымдастырушылары Экономика және менеджмент жоғары мектебі мен Қаржы және есеп жоғары мектебі болды. Университет алаңы «Үлкен төрттік» компанияларының біріне жеделдетілген іріктеуден өтуге және шынайы бизнес-тапсырмаларды шешуде бірегей тәжірибе жинақтауға ұмтылған жас таланттардың тоғысқан орталығына айналды.

Іс-шараға түрлі оқу орындарынан іріктелген 20 кандидат қатысты. Топтың негізгі бөлігін Turan University студенттері құраса, оларға ҚБТУ, Narxoz, DMUK, AlmaU, SDU және KIMEP өкілдері қосылды. Сондай-ақ, University of Dundee және Carinthia University сияқты халықаралық ЖОО студенттерінің қатысуы шараға ерекше мәртебе берді. Қатысушылардың мұндай әртүрлі құрамы жоғары бәсекелестікті қамтамасыз етіп, балаларға командалық жұмыс аясында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Күн тәртібі барынша қарқынды болды және KPMG-дің нақты жобасына негізделген практикалық кейсті шешуді қамтыды. Қатысушылар өздерінің аналитикалық дағдыларын көрсетіп қана қоймай, компания сарапшыларымен тікелей тілдесіп, корпоративтік мәдениет пен консалтингтің кәсіби стандарттары туралы біле алды. Форматтың басты артықшылығы жеделдетілген оффер алу мүмкіндігі болды: ассесмент қорытындысы бойынша үздік студенттер рекрутингтің бірнеше алдын ала кезеңдерінен өтпей-ақ, финалдық сұхбатқа шақырту алды. Осындай бастамаларды жүзеге асыру Тұран университетінің сапалы білім мен жаһандық бизнестегі табысты мансап арасындағы тиімді көпір ретіндегі рөлін айқындай түседі.

Online қабылдау