ӨЗІНЕ СЕНГЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ТАБЫСҚА АРНАЛҒАНДАРҒА

Ауыстыру және қайта қабылдау

1.1 «Тұран» университетінің студенттерін білім беру қызметіне және мамандығына сәйкес лицензиясы бар басқа жоғары оқу орнына  ауыстыру оқу нысанына және мамандығына сәйкес демалыс (сырттай оқу нысаны үшін ауысу жөнінде өтініш қабылдау бір айдың ішінде емтихан сессиясына бес күн қалғанға дейін қабылданады) кезінде жүргізіледі. Ауысуға мемлекеттік білім грантымен білім алатын, сонымен қатар барлық оқу кезеңіне GPA 2,33 кем емес үлгерімдегі айрықша құқығы бар студенттер ие бола алады.

Білім алушыны бір мамандықтан екіншісіне, бір оқыту нысанынан екіншісіне ауыстыру ақылы негізде оқу үшін ғана жүзеге асырылады. Сонымен қатар білім алушы кез келген оқу нысанына, мамандыққа  білім беру саласындағы уәкілетті органның орнатқан тәртібіндегі ауысу және қайта қабылдану мерзімінен тәуелсіз ауыса немесе қайта қабылдана алады.

1.2 «Тұран» университетіндегі білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау процедурасы оқыту нысанының ҚР БжҒМ нормативтік құжаттарына және ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес жүргізіледі.

1.3 Білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау кезінде оқу жұмыс жоспары пәндерімен меңгерілген өткен академиялық кезеңде академиялық айырмашылықтар анықталады. Оқу жұмыс жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылықтар меңгерілген пәндердің тізімі негізінде, транскриптте немесе білім беруді аяқтамағаны жөніндегі анықтамада (ары қарай анықтама) олардың бағдарламалары мен академиялық сағаттары немесе кредиттердің көлемі анықталады.

Оқу жұмыс жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жою үшін білім алушылар осы пәндерге жазылады, академиялық кезең ішінде барлық оқу сабақтарының түрлеріне қатысады, барлық ағымдық бақылау түрлерін тапсырады, қорытынды бақылау рұқсат алады.

Егер ағымдағы академиялық кезеңнің оқу сабақтары кестесіне пәндердің академиялық айырмашылықтары енгізілмеген жағдайда, білім алушылар оларға жазғы семестрде жазылады.

Пәндердің оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылықтарды жою мерзімі мен тәртібі ағымдағы оқу жылына факультет деканы өкімімен ресімделеді және білім алушылардың жеке оқу жоспарына енгізіледі. Пәндердің оқу жұмыс жоспарындағы академиялық айырмашылықтар белгіленген мерзімде жойылмаса, академиялық қарыз ретінде тіркеледі.

1.4 Білім алушыны ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде олардың әрі қарай оқу курсы пререквизиттерді есепке ала отырып айқындалады. Бұл ретте жоғары оқу орындары ағымдағы оқу жылы ішінде тапсыруға қажетті пререквизиттер тізбесін анықтайды.

Білім алу кезеңінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында әскери міндетін өтеуге шақырылған білім алушылар тиісті оқу курсына қайта қабылданады.

Меңгерілген кредиттерді қайта есептеу білім беру бағдарламаларын, меңгерілген пәндер тізбесінің мазмұнын, олардың көлемін, алынған білімді, білікті, дағдылар мен құзыреттерді, сондай-ақ оқыту нәтижелерін салыстыру негізінде жүргізіледі.

Оқу пәндері бойынша меңгерілген кредиттерді қайта тапсыру кезінде қорытынды бақылау нысанындағы айырмашылық ескерілмейді.

1.5 Білім алушы шетелдік білім беру ұйымынан ауыстырылған немесе қайта қабылданған жағдайда келесі құжаттар талап етіледі:

  • меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжат (академиялық анықтама немесе транскрипт);
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат;
  • Шет елдік білім беру ұйымдарына қабылдану кезіндегі түсу емтихандарының қорытындылары.

1.6 Білім алушыларды курстан-курсқа ауыстыру оқу жылының қорытындылары бойынша (аралық аттестаттау) жазғы семестр нәтижелерін және алынған орташа үлгерім балдарын (GPA – Grade Point Average) ескере отырып жүзеге асырылады. Білім алушының ЖОО-да белгіленген ауысу балынан төмен емес үлгерімнің орташа балына (GPA – Grade Point Average) қол жеткізуі білім алушыны курстан курсқа ауыстырудың міндетті шарты болып табылады. Келесі курсқа ауыстырылған білім алушылардың академиялық қарызы бар болған жағдайда, қайтадан тиісті пәндерді ақылы негізде меңгеруі қажет. Жеке оқу жоспарының талаптарын орындамаған және белгіленген GPA өту балын жинай алмаған білім алушылар қайтадан оқу курсына қалады. Білім алушыларды курстан курсқа ауыстыруы ректордың бұйрығымен ресімделеді.

1.7 Белгіленген ауысу балына қол жеткізген және келесі курсқа ауыстырылған білім беру гранты немесе мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) бойынша білім алушылар академиялық қарызы бар болған жағдайда білім беру грантын немесе мемлекеттік тапсырыс орнын сақтай отырып, оны ақылы негізде жояды.

Білім беру гранты бойынша білім алушы бір жоғары оқу орнынан екіншісіне бір курсқа төмен ақылы негізде ғана ауысуы мүмкін.

1.8 Білім алушыларды ақылы негізде ауыстыру кезінде олармен және «Тұран» университеті арасында шарт жасалады.

1.9 Университет ішінде бір мамандыққа және басқа оқу нысанына ауыстыру ақылы негізде жүргізіліп, шартқа тиісті өзгертулер жасалады және жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен ресімделеді.

1.10 Білім беру грантымен білім алатын студент басқа жоғары оқу орнына білім беру грантының сақталуымен ауысуы мүмкін.

Білім беру грантымен «Тұран» университетіне бекітіліп, мақсатты орынға түскен студенттер Студенты, поступившие на целевые места по образовательному гранту, убасқа жоғары оқу орнына тек ақылы негізде ауысуы мүмкін.

Білім алушыны ақылы негізден мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесіне сәйкес білім алу процесінде босаған білім беру гранттарын беру арқылы жүзеге асырылады.

1.11 Магистранттар, докторанттар «Тұран» университетіне тек ақылы негізде ауысады.

1.12 Білім алушыларды шетелдік ЖОО-дан ауыстыру тек ақылы негізде ғана жүзеге асырылады.

1.13 Университеттегі білім алушылар қатарына қайта қабылдау демалыс уақытында барлық оқу нысанына ректордың бұйрығымен жүзеге асырылады.

Қайта қабылдау процедурасы ҚР БжҒМ барлық нормативтік құжаттарына және ҚР «Білім туралы» заңына толық сәйкес жүргізіледі.

Білім алушылар қатарына қайта қабылдау мен оқу жоспарларындағы пәндер айырмашылығын жою тек ақылы негізде жүргізіледі.

1.14 «Тұран» университетіне ауысу және қайта қабылдау қағидалары «Тұран» университетінің оқуға ауыстыру және қайта қабылдау Ережесіне сәйкес анықталады.

Қабылдау комиссиясы
Выбор языка: