Егер сіз Қазақстанда сапалы жоғары білім алуды жоспарлап отырсаңыз, бірақ қазақ/орыс тілдерін мүлде білмесеңіз немесе жеткіліксіз деңгейде меңгерген болсаңыз, сізге «Тұран» университетінің Дайындық орталығында оқудан өтуді ұсынамыз.
Дайындық орталығында шет тілдерін (ағылшын, қытай, түрік және т.б.) меңгерген үздік оқытушылар жұмыс істейді. Олар қазақ және орыс тілдік әрі мәдени ортасына жайлы әрі қарқынды бойлау мүмкіндігін жасайды.
Дайындық орталығы шетел азаматтарына қазақ және орыс тілдерін үйрену бойынша курстардан өткенін растайтын «Тұран» университетінің сертификатын алуға мүмкіндік береді.
Қазақ/орыс тілін шет тілі ретінде және жалпы білім беретін пәндерді оқыту барысында әрбір тыңдаушының даралығын ашу.
Университеттің әлеуметтік және зияткерлік ортасына, Алматы мегаполисіне және Қазақстанға социомәдени бейімделу.
Тыңдаушылардың жан-жақты дамыған тұлға және кәсіби маман болып қалыптасуы үшін интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқытудағы сабақтастықты қамтамасыз ету және контингентті сақтау мақсатында шетелдік тыңдаушыларды университеттің негізгі білім беру бағдарламаларына интеграциялаудың педагогикалық жүйесін әзірлеу.
ӘДІСТЕМЕ:
Шетелдік тыңдаушыларды «Тұран» университетінің білім беру бағдарламаларында оқуға даярлау Дайындық орталығы аясында жүзеге асырылады. Оқыту нөлден бастап тілдік дайындықты, сондай-ақ болашақ мамандықтың қажетті пәндері бойынша дайындықты қамтиды.
Бағдарламаларды дамыту жөніндегі менеджер:
Бердиева Дана Рабхатбекқызы
Мекенжайы:
“Тұран” университеті, Сәтбаев көшесі 16а, кеңсе 219