Кітапхана тарихы

1992 жылы “Тұран” университеті құрылып, кітапхана өз есігін ашты.

Экономикалық тұрақсыз уақыт болды, мызғымайтындай болып көрінген білім беру, ғылым және мәдениеттің бәрі құлдырады. Қажеттіліктерді қаржыландыруға мүмкіншілік болмай, кітапханалардың ашылғанынан жабылуы жиі бола бастады. Сол күрделі кезеңде кітапхана қызметкерлері қысқа мерзімде оқу-әдістемелік қорды, ғылыми және анықтамалық әдебиеттерді қорын құруға тура келді. Университет құрылтайшылары «білім қорының» маңыздылығын түсіне отырып, кітап қорын қалыптастыру үшін қаржы түсімдерінің 25-30%-ын аударып отыруға шешім қабылдады. Университет кітапханасына оқу және ғылыми процестерді жақсартуға жағдай жасап, жұмыстың жоғары сапасын қамтамасыз етіп, жұмыс үрдісін үнемі жетілдіріп отыру керек деген шарттар қойылды. Сонымен қатар, бүгін заманауи университеттің инновациялық-кәсіпкерлік түріне лайық болу қажеттілігі туындауда.

2013 жылы кітапхана жаңа ғимаратқа көшті және заманауи компьютерлік технологияларды қолдануда.

2015 жылдан бастап «Тұран» университетінің кітапханасы IT және ақпараттық-кітапхана ресурстары (АКР) департаментінің ақпараттық-кітапхана ресурстар бөліміне кірді.

Мұндай түбегейлі өзгерістер «кітап жолының», яғни тапсырыс беру, сатып алу, есепке алу, каталогтандыру, жүйелеу, қорлар бойынша бөлу сияқты операцияларды электрондық форматта жүргізуге алып келді.

IT департаментінің АКР директоры университеттің студенттері мен оқытушыларына қызмет көрсету сапасын арттыру үшін «Тұран» университетінің «Автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесі» ТУАКАЖ электронды кітапханасын әзірледі.

Бұл жүйе «Тұран» университетінің заманауи кітапхана жұмысының инновациялық құралына айналды.

2021 жылы кітапхана жаңартылды. Оқу бөлімінің жалпы аумағы ұлғайды. Интернеттің жылдамдығын арттыру мақсатында кітапханадағы ноутбуктер компьютерлерге ауыстырылды.

Кітапханада әр келушіге ақпаратты өз бетінше алуы үшін интерактивті жолсілтеме ұсынылады. Сонымен қатар зерттеушілерге, магистранттарға, докторанттарға және оқытушыларға арнайы ғылыми кабинет ұйымдастырылған. Ғылыми кабинетте диссертациялар, мерзімді басылымдар, шет тіліндегі әдебиеттер қойылған.

Қорды қалыптастыру барысында ғылыми басылымдарға үлкен көңіл бөлінеді: мұнда қазақстандық және шетелдік ғалымдардың монографиялары, оқулықтары мен түрлі авторлық құралдары кеңінен ұсынылған. Оқырмандар үшін көптеген электрондық ресурстар бар (Толығырақ “Ресурстар” бөлімінде).

Қабылдау комиссиясы