Кітапхананы пайдалану ережесі

Кітапханаға тіркелу үшін әр оқырман сайтқа https://e-lib.turan-edu.kz кіріп, өзінің корпоративті поштасы арқылы авторизация жасайды.

Оқырмандарға әдебиет жеке куәлік бойынша беріледі.

Оқу залында оқырмандар басылымдардың барлық түрлерін қолдануға құқылы, бірақ сыртқа шығаруға тыйым салынады.

Әдебиетті үйге беру абонементте жүргізіледі. Кітаптың соңғы немесе жалғыз данасы үйге берілмейді.

Оқырманға рұқсат етілмейді:

  • Ақпараттық кітапхана ресурстары бөлімінде тәртіп пен тыныштықты бұзуға, кітапханаға сырт киіммен және өзімен тамақ алып кіруге тиым салынады.

  • Әдебиет алу үшін жеке куәлігін басқа тұлғаларға пайдалануға беруге тиым салынады.

  • Кітапханадан әдебиетті «ТУАКАЖ» жүйесінде тіркеусіз шығаруға тыйым салынады.

  • Кітапханалық басылымдарды (бетіне жазу, мәтінді сызып көрсету, кітаптың қабын бүгу және беттерін жыртуға) және кітапхана мүліктерін (үстелдер, орындықтар, компьютерлер, планшеттер және т.б.) бүлдіруге тыйым салынады.

  • Кітапханашының рұқсатынсыз қызметтік бөлмелерге және кітап сақтау бөлмесіне кіруге тыйым салынады.

Кітапхананы пайдалану ережелерінің толық мәтінімен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады

Қабылдау комиссиясы