ӨЗІНЕ СЕНГЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ТАБЫСҚА АРНАЛҒАНДАРҒА

Алматы қаласы, Сатпаев көшесі, 16а
Қабылдау комиссиясы +7 727 260 40 00

Тұран студенттері Shanghai Summer School program (Қытай) грантында оқыды

2021 жылғы мамырда Шанхай политехникалық университеті (Қытай) онлайн Жазғы Мектепте (Shanghai Summer School) бакалавриат студенттерінің гранттық қатысу конкурсын жариялады. Тұран университетінің “Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі” және “Туризм” мамандықтарының 5 студенті 2021 жылдың 2-23 шілде аралығында Жазғы мектепте оқуға конкурстық іріктеуден сәтті өтті: Больц Антонина, МІҚҮБ 2 курс, Садчикова Ольга МІҚҮБ 2 курс, Нам Регина ТУР 3 курс, Аппасов Ақжан ТУР 3 курс, Кәдірхан Арай ТУР 2 курс.

2021 жылғы 23 шілдеде Шанхай политехникалық университетінде (Қытай) Халықаралық Жазғы мектептің салтанатты жабылу рәсімі өтті және оған Тұран университетінің студенттері мен құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты. Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Құттыбаева Гүлмира Жазғы мектептің ұйымдастырушыларына қытай тілі мен қытай мәдениетін үйренуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді. Оқу барысында біздің студенттер тілді білу деңгейін едәуір арттырды, қонақ үйлер мен мейрамханалардың қызметімен танысты, қытай тағамдарын дайындауды үйренді. Сонымен қатар, оқу нәтижесінде Тұран студенттері 2 сертификаттан алды: HSK Level 1 және Program Certificate.

Өз кезегінде Шанхай политехникалық университетінің Халықаралық департаментінің директоры Динджи Мырза Тұран университетінің студенттері мен қызметкерлеріне белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, жоғары оқу орындары арасындағы магистратураның қос дипломын, қызметкерлер мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын әзірлеудегі ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруды ұсынды.

Соңғы жазбалар
Қабылдау комиссиясы
Выбор языка: