“Тұран” университетінің “Экономика” мамандығы бойынша түлегі Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалды.
⠀
Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада дүниеге келген. 2000 жылы “Тұран”университетін бітірген.
⠀
Әр жылдары келесі ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарды:
- 2001-2004 жылдары-Теңіз және Батыс Сібір кен орындарының midrillingfluidsinternational (Schlumberger) бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженері;
- 2004 – 2007 жылдары-бизнесті дамыту жөніндегі менеджер, өндіріс жөніндегі менеджер-MIDrillingFluidsInternational Ақтау филиалының басшысы;
- 2007-2010 жылдары – “ТеңізСервис” ЖШС “ҚазМұнайГаз “Ұлттық компаниясы”акционерлік қоғамының бас директоры;
- 2010-2012 жылдары – “ҚазМұнайГаз “Ұлттық компаниясы”акционерлік қоғамының басқарушы директоры;
- 2012-2013 жылдары – “ҚазМұнайГаз “Ұлттық компаниясы”акционерлік қоғамының инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары;
- 2013 – 2014 жылдары-Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі;
- 2014 – 2019 жылдары-Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі.
- 2019 жылғы маусымнан бастап Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі болды.
⠀⠀
“Тұран” университеті өз түлектерінің жетістіктерін мақтан тұтады және Мағзұм Маратұлына мансабында табыс тілейді!