15 қыркүйек күні “Тұран” университетінде Қала күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Business Day Almaty» семинарының ашылу салтанаты мен бірінші күні өтті. Бұл Алматы қаласының жетекші бизнес-тренерлерімен өткізілген екі күндік практикалық семинар болды. Семинар университеттің YouTube каналында тікелей эфирде көрсетілді және қызығушылық танытқан адамдардың бәріне қолжетімді. Тікелей эфир кезінде кең аудиториямен жұмыс жүргізудің мол тәжірибесі бар спикерлер тыңдаушылармен бизнес-модельдерді құрудың соңғы үрдістерімен бөлісіп, CMM стратегиясын құру мен мақсатты аудиторияны айқындаудағы «тиімді» құралдар туралы айтып берді. Сонымен қатар жаңадан үйреніп келе жатқан кәсіпкерлердің қателіктерін талдай отырып, қатысушыларға кеңес берді.
⠀
Семинар шығармашыл, болашағы зор, белсенді жастарға арналған. Мақсат – халықты кәсіпкерлік бастамамен қолдау, сонымен қатар жаппай кәсіпкерлікті дамыту.
⠀
Шараға Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Оразалин Еркебұлан Нұрланұлы, Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Сагиндиков Қанат Амангелдіұлы және университет ректораты қатысты.
⠀