«Тұран» университеті қазақстандық және шетелдік ғалымдарды, оқытушыларды, докторанттарды, ғылым мекемелерінің, бизнес-қоғамдастықтардың, мемлекеттік билік және басқару органдарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 жылдағы Қазақстан экономикасы: даму және жасампаздық кезеңдері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.
⠀
Конференция 2021 жылдың 5 қазанында сағат 10.00-де өтеді. «Тұран» университетінде (офлайн / онлайн форматта).
⠀⠀
Конференция форматында пленарлық пікірталастар, «Ұлттық экономиканы әртараптандыру: сын-қатерлер мен трендтер» тақырыбына дөңгелек үстел, секциялар жұмысы, пікірталас алаңдары қарастырылған.
⠀
Негізгі бағыттар мен секциялар.
1. Әлемдік пандемия жағдайында экономика мен кәсіпкерлікті дамыту
2. Орнықты даму мақсаттарын іске асыру жағдайындағы білім беру ортасы
3. Triple Helix шеңберінде стейкхолдерлердің өзара іс-қимылы
4. Цифрлық экономикаға арналған инфокоммуникациялық технологиялар
5. Ақпараттық мәдениет және кросс-мәдени өзара іс-қимыл
⠀
Пленарлық отырысқа еліміздің және шетелдік жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, белгілі қазақстандық және халықаралық сарапшылар, бизнес-құрылымдар мен академиялық қоғамдастықтың басшылары мен өкілдері қатысады.
«Ұлттық экономиканы әртараптандыру: сын-тегеуріндер мен трендтер» тақырыбындағы дөңгелек үстел және конференцияның негізгі бағыттары бойынша секциялық отырыстар мен пікірталастар сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін офлайн/онлайн форматта өтеді.
Конференцияның жұмыс тілдері-қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция іс-шараларына онлайн форматта қатысу үшін сілтемелер:
Пленарлық отырыс:
ZOOM конференциясына қосылу
https://us02web.zoom.us/j/85217532991?pwd=ejZDeDlzaVVuVGFpSWczcE5iN21IQT09
Конференция идентификаторы: 852 1753 2991
Кіру коды: 864911
⠀
«Ұлттық экономиканы әртараптандыру: сын-қатерлер мен трендтер» тақырыбына дөңгелек үстел:
ZOOM конференциясына қосылу
https://us02web.zoom.us/j/81681680403?pwd=TDViT3NoTEVyQzJRK2d3aHNmbzNNZz09
Конференция идентификаторы: 816 8168 0403
Кіру коды: 588063
⠀
Конферецияға қатысу шарттары.
⠀
Баяндамалар 2021 жылдың 25 қыркүйегіне дейін қабылданады. Конференция материалдары тек электронды түрде жарияланады, сондықтан мақалалар ақысыз қабылданады.
⠀