ӨЗІНЕ СЕНГЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ТАБЫСҚА АРНАЛҒАНДАРҒА

Алматы қаласы, Сатпаев көшесі, 16а
Қабылдау комиссиясы +7 727 260 40 00

Академическая мобильность директора отдела докторантуры по программе Erasmus+ в университет Calisia, Польша

Академиялық ұтқырлық – халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңызды стратегиялық бағыттарының бірі. «Тұран» университеті білім беру жүйесін, кәсіби оқытуды, жастар саясатын,спортты жаңғыртуға және тұрақты дамытуға бағытталған, Еуропалық одақтың Erasmus+ бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы екіжақты келісімі бар Calisia (Калиш қ., Польша) университетіне профессор-оқытушылар құрамына халықаралық қысқа мерзімді академиялық ұтқырлыққа грант алды.

 

Университеттің конкурстық комиссиясы э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ниеталина Гаухар Құдайбергенқызын көп жылдық тәжірибесі бар оқытушы ретінде 2021-2022 оқу жылының күзгі семестрінде Calisia университетінде сабақ беру үшін таңдады.

 

Г.К. Ниеталина 2021 жылдың 11-15 қазан аралығында ағылшын тілінде «Тиімді менеджмент және этикалық көшбасшылық» курсы бойынша бірқатар сабақтар өткізіп, өз тәжірибесімен Calisia University-дің әлеуметтік ғылымдар факультеті студенттерімен бөлісті.

 

Calisia университетінің ресми сайтында қауымдастырылған профессор Г.К. Ниеталинаның серіктес университетке келгендігі туралы жаңалықтар орналастырылған

Сондай-ақ, университеттің «Фэйсбук» ресми парақшасында Calisia университетінің студенттеріне сабақ өткізгендігі туралы жарияланым орналастырылған

Соңғы жазбалар
Қабылдау комиссиясы
Выбор языка: