«Инновациялық даму жағдайындағы білім берудің психологиялық-педагогикалық проблемалары» атты XI халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2022 жылдың 12 сәуірінде «Тұран» университетінің «Психология» кафедрасында «Инновациялық даму жағдайындағы білім берудің психологиялық-педагогикалық проблемалары» атты XI халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

 

Конференция жұмысына «Тұран» университетінің, Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарының ғалымдары, докторанттары, магистранттары мен  студенттері қатысты.

 

«Қазақ психологиялық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Президенті, психология ғылымдарының докторы, профессор  Перленбетов Мұхан Әтенұлы, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Коммуникативтік дағдылар» кафедрасының профессоры Асимов Марат Әбубәкриұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Жалпы қолданбалы психология» кафедрасының доценті, психология ғылымдарының кандидаты Құдайбергенова Сандуғаш Қансарқызы, Балама білім беру орталығының басшысы, «Ashyq Alem» ҚҚ Президенті, инклюзивті білім беру жөніндегі сарапшы Архарова Әлия Сағидоллақызы, Халықаралық Ойынпрактиктер Қауымдастығының басқарма мүшесі Евгений Геллер, «Практикалық психология және педагогика орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, психология ғылымдарының докторы Мусихина Елена Владимировна, «Асыл Мирас» ресурстық орталығының жаттықтырушы-оқытушысы, арнайы білім беру магистрі  Цой Елена Владимировна баяндама жасады.

 

Конференция барысында психологиялық теория мен практиканың өзекті мәселелері талқыланды.

Online қабылдау