ӨЗІНЕ СЕНГЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ТАБЫСҚА АРНАЛҒАНДАРҒА

«Тұран» университеті, Алматы сауда және инвестиция палатасы, Сауда және өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою

2022 жылғы 14 сәуірде «Тұран» университеті «Сауда және өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы» ЗТБ және «Алматы сауда және инвестиция палатасы» ЖШС-мен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

 

Меморандумдардың мақсаты – Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту мақсатында тиімді өзара іс-қимыл жасау, заманауи өнеркәсіптік және сауда инфрақұрылымын қалыптастыруға жәрдемдесу, кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.

 

Бұл ынтымақтастық білім беру саласындағы бірлескен іс-шараларды; бизнес-жобаларды іске асыру мәселелері бойынша ақпарат алмасуды және бастамаларды қарауды; бизнес-жоспарлар мен маркетингтік зерттеулерді әзірлеу үшін мамандарды тартуды; шарттық негізде университеттің білім беру бағдарламалары шеңберінде кәсіптік практиканы ұйымдастыруды және т.б. қарастырады.

 

Сауда және өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы мен Алматы сауда және инвестиция палатасы – Алматы қ. Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасының дәстүрлерін жалғастырушы.

Соңғы жазбалар
Қабылдау комиссиясы
Выбор языка: