«Аймақтану» мамандығы бойынша жыл сайынғы XIV Республикалық Студенттердің Пәндік Олимпиадасының марапаттауы

2022 жыл 27 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен «Аймақтану» мамандығы бойынша жыл сайынғы XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға Қазақстандағы жоғары оқу орындарының «Аймақтану» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының студенттері қатысып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен топтарға бөлініп сайысқа түсті. 2022 жылғы олимпиаданың тақырыбы «Халықаралық қатынастар жүйесін трансформациялау жағдайындағы көші-қон процестері: негізгі үрдістер мен міндеттер» болды. Олимпиаданың мақсаты – ең дарынды және білімді студенттерді іріктеу және қолдау, сонымен қатар студенттердің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету, олардың шығармашылық қабілеттерін ашу. Олимпиада аясында студенттер сайыстың 3 кезеңінен өтуі керек болды, олар: тақырып бойынша бейне презентация дайындау; тақырыпты, әртүрлі салалардағы көші-қон проблемаларын шешу жолдарын презентация форматында қорғау; «Аймақтану», «Халықаралық қатынастар» мамандықтары бойынша білімдерін онлайн тестілеу. Олимпиадаға «Тұран» университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, AlmaU, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, ҚазАТиСО, М.Өтемісов атындағы БҚМУ командалары қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша «Тұран» университетінің студенттері жүлделі 1 және 2 орындарға ие болды.

 

«Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері – Нұрахметов Таврат, Абсатаров Даниель, Минина Аделинадан құралған ағылшын тобы командасы 1 орын алды. Ғылыми жетекшісі: «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының ассоц.профессоры Ишмухамедов Ш.А.; Әлібек Ақерке, Қайратова Камила, Абдималикова Гауһардан құралған  қазақ тобы командасы 2 орын алды. Ғылыми жетекшісі: «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының ассоц.профессоры Каримова З.К.; Ляпина Эвелина, Пруденцано Лоренцо, Черепкова Елизаветадан құралған орыс тобы командасы 2 орын алды. Ғылыми жетекшісі: «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы Оразбекова А.Р.

 

Жеңімпаз студенттерімізді университет атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Online қабылдау