Еуропалық жоғары оқу орындарында PhD докторанттарының шетелдік ғылыми тағылымдамасы

Шетелдік жетекші университеттердің немесе ғылыми орталықтардың бірінде ғылыми тағылымдамадан өту докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысының міндетті компоненті болып табылады.

 

2021-2022 оқу жылының көктемгі семестрінде 2 курстың екі докторанты Еуропа университеттерінде тағылымдамадан өтті.

 

Мәселен, 2022 жылғы 25 сәуір мен 7 мамыр аралығында “Қаржы” білім беру бағдарламасының докторанты Нуралиев Алдияр өзінің ғылыми кеңесшісі, профессор Роланд Гизеде Циттау/Герлитц қолданбалы ғылымдар университетінде (Циттау қ., Германия) тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында университет ректорымен кездесу өтті. Сондай-ақ, докторант Ғылым Академиясының жергілікті бөлімшесінің, университет жанындағы ғылыми-зерттеу институтының және зерттеу зертханаларының қызметімен танысты. 2 апта ішінде докторант өзінің ғылыми кеңесшісімен бірге докторлық диссертация бөлімдері  жұмыс істеді, университет кітапханасында шетелдік материалдарды зерттеді.

 

2022 ж.1-15 мамыр аралығында “Экономика” білім беру бағдарламасының докторанты Кулик Ксения Budapest Metropolitan University (Будапешт қ., Венгрия) университетінде тағылымдамадан өтті. Докторант университет жүргізген келесі семинарларға қатысты: “Development of ecological tourism in rural areas of the country”, “Diversification of the economy of rural regions as a factor in improving the welfare of society”.  Сонымен қатар, докторант зерттеу әдістері бойынша семинарларға қатысып, университет жанындағы туризм және маркетинг институтының қызметімен танысты. Диссертациялық зерттеу мәселелері бойынша ғылыми кеңесші доктор Ференц Кишпен бірнеше кездесу өтті.

 

Тағылымдама аяқталғаннан кейін докторанттар шетелдік ғылыми тағылымдамадан өткені туралы сертификаттар алды.

Online қабылдау