ӨЗІНЕ СЕНГЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ТАБЫСҚА АРНАЛҒАНДАРҒА

Түркияның Кастамону университетіне Zero grant академиялық ұтқырлық конкурсы

Құрметті бакалавриат студенттері (1, 2, 3 курс)!

 

Түркияның Кастамону университетінде 2022-2023 оқу жылының күзгі семестріне Zero grant академиялық ұтқырлық конкурсы жарияланғанын хабарлаймыз. Оқу барысы түрік тілінде өтетіндіктен түрік тілін білу міндетті шарт болып табылады

 

Бір семестрлік оқу тегін, жатақханада тұру айына 900 TL (~ 25 000 теңге).

 

1-кезеңге қажетті құжаттар:

  • декан мен кафедра меңгерушісінің қолдары қойылған академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға өтініш (қосымша)
  • паспорт көшірмесі (бар болса);
  • транскрипт;
  • түрік тілін білуді растайтын сертификат (бар болса);
  • марапаттар, сертификаттар, жарияланымдар және т.б. (бар болса)

Құжаттардың толық пакетін 2022 жылдың 08 шілдесіне дейін Халықаралық ынтымақтастық бөліміне (707 кабинет) тапсыру қажет.

 

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласыңыз: +72722604023, +77476284018

Соңғы жазбалар
Қабылдау комиссиясы
Выбор языка: