Миддбери колледжінің өкілдерімен кездесу, АҚШ

2022 жылдың 04 шілдесінде Тұран университетінде АҚШ-тың Миддбери колледжінің өкілдерімен кездесу» өтті.

 

Ресейдегі Миддлбери колледжі бағдарламасының директоры Нана Шотаевна Цихелашвили мен Ресейдегі Миддлбери колледжі бағдарламасы директорының орынбасары Майя Волчкевич университеттің инфрақұрылымымен және одан әрі ынтымақтастық үшін білім беру бағдарламаларымен танысу мақсатында Тұран университетінде болды. Кездесу барысында екі университеттің өкілдері студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру, халықаралық жобаларға қатысу, тағылымдамадан өту, СОП және қос диплом әзірлеу мүмкіндіктерін жан-жақты талқылады.

 

Екі университеттің жемісті ынтымақтастығы студенттер мен оқытушылар құрамы үшін интернационалдандыру мүмкіндіктерін кеңейтеді деп сенеміз.

Қабылдау комиссиясы