2022 жылғы «Тұран» университетінің диплом тапсыруының салтанатты кеші!

2022 жылғы 8 шілдеде «Ариал» гольф-клубының аумағында жылдың ең айтулы оқиғасы – бакалавриат, магистратура және докторантура түлектеріне диплом тапсырудың салтанатты кеші өтті. Кеште ректор Рахман Алшанович Алшанов құттықтау сөз сөйледі.

 

Салтанатты шара аясында «Үздік түлек – 2022» марапаттау рәсімі өткізілді. «Үздік түлек – 2022» байқауының жеңімпаздарына 2022 жылғы түлектердің өздеріне жолдаған үндеуін қамтитын «Уақыт капсуласын» жабу құрметі бұйырды.

 

Капсуланың ашылуы 2032 жылы «Тұран» университеті түлектерінің жыл сайынғы кездесуінде болады.

 

Кештің ресми іс-шарасынан кейін түлектерді фуршет, әртістердің өнер көрсетуі, байқаулар күтіп тұрды.

 

Осы қуанышты оқиғамен құттықтай отырып, бақыт, табыс және өркендеу тілейміз.

 

Сіздердің жетістіктеріңіздің арқасында «Тұран» даңқы бұрынғыдай өсіп, нығая түседі деп сенеміз!

Қабылдау комиссиясы