ӨЗІНЕ СЕНГЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ТАБЫСҚА АРНАЛҒАНДАРҒА

«Менеджмент» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Сергазин Эльдар «ТМД-2022 Үздік Жас Ғалымы» атағына ұсынылды

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ең көрнекті жас ғалымдары арасында, «Тұран» университетінің «Менеджмент» кафедрасының студенті – Сергазин Эльдар, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде «ТМД-2022 үздік жас ғалымы» номинациясына ұсынылды.

 

Ұйымдастырушылар: «Халықаралық жас ғалымдар қауымдастығы» және «Бөбек» ұлттық қозғалысы. Бұл байқау – ТМД мен Еуропаның түкпір-түкпірінен келген жас студенттердің ғылым мен жеке табыстарын ілгерілетуге бағытталған бірегей жоба.

 

Жобаның жаһандық мақсаты ТМД елдерінің ынтымақтастығы негізінде халықаралық ғылыми базаны қалыптастыру болды, бұл ғылыми-педагогикалық қоғамдастықтың ғылымның дамуы туралы хабардарлығын айтарлықтай кеңейтуге ықпал ететіні сөзсіз.

 

Үздік жас ғалымдар тізіміне енген Сергазин Эльдар диплом, медаль және сәйкес сертификатқа ие болды. Сонымен қатар, Эльдардың ғылыми мақаласы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің V халықаралық кітап басылымына енді.

Соңғы жазбалар
Қабылдау комиссиясы
Выбор языка: