«Тұран» университетіне өзіндік үлгідегі философия докторы (PhD) дипломы берілді

2022 жылдың 26 ​​тамызында «Тұран» университеті алғаш рет өзіндік үлгідегі философия докторы (PhD) дипломын берді. Төрағаның 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 833 бұйрығымен 6D050600 – Экономика мамандығы бойынша Мұстафаева Бағила Үсенбайқызына философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілді. Дипломды «Тұран» университетінің ректоры Алшанов Рахман Алшанұлы салтанатты жағдайда табыс етті.

 

Бағила Үсенбайқызына ізгі тілегімізді және ғылыми жұмысына табыс тілейміз!

Қабылдау комиссиясы