2022 жылдың 4 қазанында Тұран университетінің 30 жылдығын мерекелеу аясында PhD докторанттары үшін «Жоғары импакт-факторлы журналдарда мақалаларды жариялау: Scopus және Web of Science перспективалары» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Семинарды Scopus, Web of Science дерекқорларында көптеген жарияланымдары бар және жоғары Хирш индексі бар шетелдік профессорлар жүргізді – доктор Хусейн Узунбойлу (Cyprus Educational Sciences Association президенті, Солтүстік Кипр) және доктор Хесус Гарсиа Лаборда (College of Education Universidad de Alcala деканы, Испания). Профессорлар халықаралық беделді журналдарда мақалалар дайындау және жариялау ерекшеліктерімен бөлісті.