«Тұран» университетіндегі жобаны басқару апталығы аясында кейс чемпионаттары

Жобаларды басқару апталығы аясында Алматы қаласындағы колледж студенттері үшін практикалық бизнес мәселелерін шешуге арналған кейс чемпионаты, сонымен қатар Тұран университетінің студенттеріне арналған «MY DREAM CAMPUS» кейс чемпионаты өтті.

 

Жобаның колледж студенттеріне, презентацияны осы басым бағыттар бойынша дайындау ұсынылды: экология, экономика, бизнес, туризм, денсаулық сақтау, цифрлық технологиялар саласындағы өзекті мәселелер. Кейс чемпионатының финалына жеті команда шықты.

 

Қазылар алқасының құрамында:

 

  1. Разакова Дина Ибрагимовна – э.ғ.к., PhD докторы, «Тұран» университетінің стратегиялық даму, ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры;
  2. Оразбеков Ерболат – PhD докторы, «Тұран» университетінің коммерцияландыру орталығының директоры;
  3. Мухамедьярова – Левина Тамара Толгатбековна – экономика ғылымдарының кандидаты, Тұран» университетінің экономика факультетінің деканы.

Жобалардың тұсаукесері нәтижесінде орындар келесідей бөлінді:

 

  • 1 орын – Орталықазия техника экономикалық колледжінің командасы;
  • 2 орын – Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің командасы;
  • 2 орын – «Менеджмент» мамандығы бойынша «Тұран» колледжінің командасы;
  • 3 орын – НАРХОЗ университетінің экономикалық колледжінің командасы;
  • 3 орын – «Қаржы» мамандығы бойынша «Тұран» колледжінің командасы.

«Тұран» университетінің студенттеріне, «Тұран» университетінің студенттері мен оқытушыларына арналған жатақхана құрылысын және қолданыстағы инфрақұрылымға үйлесімді интеграцияны көрсететін «МЕНІҢ АРМАНДАҒЫ КАМПУСЫМ» тақырыбында жобаның презентациясын дайындау ұсынылды. Жобаны қорғау кезінде келесі позицияларды ескеру қажет болды: қаржыландыру мүмкіндігі; экологиялық таза сәулет; ақылды үй технологиясы.

 

«Тұран» университетінің студенттері арасындағы кейс чемпионатының қазылар алқасының мүшелері:

 

  1. Разакова Дина Ибрагимовна – э.ғ.к., PhD докторы, «Тұран» университетінің стратегиялық даму, ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры;
  2. Береснева Анна Сергеевна – «Тұран» бизнес-инкубаторының үйлестірушісі.
  3. Оразбеков Ерболат – PhD докторы, «Тұран» университетінің коммерцияландыру орталығының директоры.

Жобаларды қоғамдық қорғау нәтижелері бойынша сыйлықтар келесідей бөлінді:

 

  • 1 орын – «Маркетинг» білім беру бағдарламасының студенттері
  • 2 орын – «Экономика» білім беру бағдарламасының студенттері
  • 3 орын – «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттері
  • 3 орын – «Менеджмент» білім беру бағдарламасының студенттері.
Қабылдау комиссиясы