«Үздік Би Чемпионаты» Қалалық Би Байқауының Жеңімпаздары.

2022 жылы 19 қараша күні Алматы қаласы, «Бағанашыл» спорттық – эстетикалық орталығында «The Best Dance Championship» қалалық би жарысы өтті. Бұл жарыста Тұран университетінің «Turan’s Trumps» студенттік ұйымы қатысып, «Best Dance Performance» номинациясымен жүлделі 2-ші орынды иеленді. «All Styles» стиліндегі жарыста барлық топ мүшелері атсалысып, бірге би ойлап тапты.

 

Жарыста барлығы 119 концерттік бағдарлама мен қойылымдар болды.

 

Конкурстың мақсаты мен міндеттері ұжымдар, жетекшілер мен хореографтар арасында тәжірибе алмасу, сонымен қатар, балалар мен жастар шығармашылығын насихаттау, салауатты өмір салты мен белсенді имиджді көтеру, кәсіби жетілдіру және басшылардың шеберлігін арттыру болды.

Қабылдау комиссиясы