«Психология» кафедрасының оқытушылары жетекші халықаралық конференцияда!

2022 жылғы 23 қарашада EdCrunch білім берудегі жаңа технологиялар бойынша Еуропадағы ең ірі конференция аясында «Жоғары білім және студенттердің әл-ауқаты: психикалық денсаулықты қалай қолдау» атты кейс-сессиясы өткізілді. Сессия спикері ретінде «Тұран» университетінің психология кафедрасының профессоры Абудлаева Гүлзира Олжабекқызы сөз сөйледі.

 

EdCrunch – 2014 жылдан бері Еуропадағы білім берудегі жаңа технологиялар бойынша ең ірі конференция. Жыл сайын конференцияға әлемнің түкпір-түкпірінен сарапшылар қатысады.

 

Кейс-сессия көптеген студенттердің жоғары оқу орындарындағы әлеуетін толық ашуына кедергі келтіретін психикалық денсаулыққа байланысты проблемаларға арналды. Сессия спикерлері осы мәселені шешу үшін бірқатар бастамаларды қарастырып, студенттерге игілік пен үздік академиялық нәтижелерге қол жеткізуге қалай көмектесетінін талқылады.

Қабылдау комиссиясы