Өткізу уақыты: 8 ақпан, 11.00 – 12.30
Өтетін орны: 207 аудитория.
Телефондар бойынша тіркеу: +7 777 223 17 29, +7 705 674 98 17
Ашық дәріс «Психология» кафедрасының Үнді Классикалық би және йога орталығымен ынтымақтастығында өтеді. Орталықтың директоры – Қайназарова Ақмарал.
Лектор – Үндістаннан шақырылған Чандра Маллик ханым, ол Йогиндра Бишну Гхоштың шығыс үнді дәстүрінде йога оқыған. 35 жылдық тәжірибесі бар, терапия мен тамақтануға маманданған ол Раджа йоганың тәжірибесі арқылы Самкхья психологиясы мен философиясын зерттеді. Чандра Маллик стрессті азайту және ішкі тыныштық сезімін арттыру үшін түрлі медитация техникаларын үйретеді.
Ашық дәріс ежелгі үнді мәдениетімен танысуға, сауықтыру, рухани және білім беру мақсатында йоганың үздік дәстүрлерін ұсынуға бағытталған.
Дәріске түрлі факультеттердің студенттері де, оқытушылар да қатыса алады!