«Тұран» университетінің «Психология» кафедрасы «PSYFEST-TURAN» І практикалық психология фестиваліне шақырады!

«Тұран» университетінің «Психология» кафедрасы «PSYFEST-TURAN» І практикалық психология фестиваліне шақырады!

25 ақпанда «Тұран» университетінде «PSYFEST-TURAN» практикалық психологияның І фестивалі өтеді. Фестивальдің миссиясы – қоғамды психологиялық ағартуға, психология саласындағы адамдардың ой-өрісін кеңейтуге жәрдемдесу, сондай-ақ ісін жаңа бастаған және тәжірибеден өткен психологтарға кәсіби қолдау көрсету.

 

Фестиваль бағдарламасында трансформациялық және бизнес ойындар, арт-терапия, гештальт, НЛП, денеге бағытталған психотерапия, когнитивті-мінез-құлық психотерапиясы, дағдарыстық психология және т.б. салалардың халықаралық деңгейдегі мамандарының авторлық шеберлік сыныптары өтеді.

 

Фестивальдің барлық ақпараты мен бағдарламасы сілтеме бойынша қолжетімді.

Online қабылдау