Университет ректоры Р.А. Алшановтың ҚР Парламенті Мәжілісінің және Алматы қ. Мәслихатының депутаттығына кандидаттармен кездесуі

25 ақпанда «Тұран» университеті ректорының ҚР Парламенті Мәжілісі мен Алматы қ. Мәслихатының депутаттығына кандидаттар: «Тұран» университетінің докторанты – А.К. Альжановамен (ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына өзін-өзі ұсынушы, №5 сайлау округі), «Тұран» университетінің оқытушысы – М.А. Адаммен ­ (ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына өзін-өзі ұсынушы, №4 сайлау округі), «Тұран» университетінің коммерцияландыру орталығының директоры – Е.О. Оразбекұлымен (Алматы қ. Мәслихатының депутаттығына өзін-өзі ұсынушы, №12 сайлау округі) кездесуі өтті.

 

Кездесу барысында сайлау науқанының ерекшеліктері, аймақ пен Алматы қаласына қатысты экономикалық, экологиялық, әлеуметтік мәселелер талқыланды.

 

Кездесу нәтижесінде қатысушылар экономикасы дамыған, әділ басқарылатын, экологиясы таза Жаңа Қазақстанды бірлесіп құру қажеттігі туралы ортақ пікірге келді.

Қабылдау комиссиясы