Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы

Құрметті «Тұран» университетінің студенттері мен қызметкерлері!

 

Естеріңізге сала кетейік, 19 наурыз күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

 

Өзіңіздің азаматтық құқығыңызды пайдаланып таңдау жасаңыз!

 

 

Неліктен бұл сайлау соншалықты маңызды?

 

2023 жылғы 19 наурызда (осы жексенбіде) Қазақстанда Парламенттің төменгі палатасы — Мәжіліс пен жергілікті өкілді органдар — Мәслихаттарға кезектен тыс сайлау өтеді. Дауыс беру Конституцияға енгізілген өзгерістер бойынша референдумнан кейін қабылданған жаңа ережелер бойынша өтеді.

 

 

Мәжіліске қанша депутат кіреді?

 

Конституцияға өзгерістер енгізілгеннен кейін Мәжіліске 98 депутат кіреді (бұрын 107 депутат болған).

 

Олардың 69-ы партиялық тізімдер бойынша таңдалады (сайлаушылар кандидаттарға емес, партияға дауыс береді), тағы 29-ы – бір мандатты округтер бойынша (сайлаушылар нақты кандидаттарға дауыс береді).

 

 

Сайлауға қандай партиялар қатысады?

 

Барлық ресми тіркелген саяси партиялар өздерінің партиялық тізімдерін Мәжіліс сайлауына ұсына алады.

 

Қазір Қазақстанда жеті партия тіркелген:

 

  • Amanat,
  • «Ак жол»,
  • Народная партия Казахстана,
  • «Ауыл»,
  • Общенациональная социал-демократическая партия Казахстана,
  • Партия зеленых «Байтак»,
  • Respublica.

Сонымен қатар, бір мандатты округтердегі өзін-өзі ұсынушылар партиялардан ұсынылуы мүмкін, бірақ сол кандидат партиялық тізімде де, бір мандатты округте де ұсыныла алмайды.

 

 

Бір мандатты округтер дегеніміз не және олар қалай құрылды?

 

Бұл, өзін-өзі ұсынушылар сайланатын округтер. Олар өңірлердің халық саны бойынша қалыптасады – тұрғындар неғұрлым көп болса, округтер соғұрлым көп болады және нәтижесінде Мәжілісте депутаттар болады. Барлығы 29 округ.

 

Алматыда үш округ бар және сәйкесінше Мәжіліске үш депутат сайланады.

 

 

Мәслихат сайлауы қалай өтеді?

 

19 наурызда жергілікті өкілді органдар — мәслихат сайлауы өтеді.

 

Алматы мәслихатының 42 депутатының жартысын партиялық тізімдер бойынша (21), екінші жартысын — бір мандатты округтер бойынша (21) сайлайды. Партиялар мен өзін-өзі ұсынушылар қатыса алады.

 

Қазақстанның 20 жастан асқан кез келген азаматы мәслихат депутаттығына кандидат бола алады.

 

 

Сайлаушылар қанша бюллетень алады?

 

Алматы тұрғындары төрт бюллетень алады: екеуі Мәжіліске, екеуі — мәслихат сайлауына. Бір бюллетеньде партиялық тізімдер бойынша, екіншісінде бір мандатты округтер бойынша кандидаттар үшін дауыс беріледі.

 

 

Неліктен сайлауда дауыс беру маңызды?

 

Сайлау және сайлану құқығы еліміздің негізгі заңы – Конституцияда бекітілген.

 

Дәл осы құқықты іске асыру арқылы әрбір азамат өз елінің дамуына әсер ете алады.

 

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының негізгі қызметі өз сайлаушыларының, яғни барлық азаматтардың мүдделерін білдіру болып табылады.

 

Мәжіліс депутаттары заңдар қабылдайды, атқарушы органдарды бақылайды.

 

Мәслихат депутаттары Президент ұсынған кандидатуралардан әкімді таңдайды, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын бақылайды.

 

Әр үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасын ұсынады. Онда ол өзінің алдына депутат ретінде қойған негізгі міндеттері көрсетілген. Кандидаттың беделімен, тәжірибесімен, білімімен дағдыларымен және сайлауалды бағдарламасы, оның басқаларға қарағанда артықшылығы болып табылады. Сондықтан таңдауды мұқият жасау маңызды.

 

Бұл сайлау, алдынғылардан, форматы мен үміткерлердің белсенділігімен ерекшеленеді.

 

Тек Алматы қаласында бір мандатты үш округ бойынша Мәжіліске (яғни, 3 орынға) жиынтығында 90-нан астам кандидат қатысады. Ал 21 бір мандатты округ бойынша мәслихатқа 140-тан астам қатысады.

Қабылдау комиссиясы