Amerigo Vespucci (Италия) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі

2023 жылдың 27 наурызында Тұран университетінде Amerigo Vespucci институтымен (Италия) кездесу өтті. Кездесу барысында екі университет арасындағы ғылыми және білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту жоспарлары, сондай-ақ тағылымдамадан өту бағдарламалары мен екіжақты академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері талқыланды.

 

Нәтижесінде екі университет арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

 

Біздің университеттеріміздің одан әрі жемісті ынтымақтастығы «Тұран» университетінің студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамы үшін интернационалдандыру мүмкіндіктерін кеңейтеді деп сенеміз.

Қабылдау комиссиясы