«Операторлық өнер» мамандығы бойынша ХV республикалық пәндік олимпиада

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Тұран» университетінің базасында, «Turan Film Academy» Жоғары мектебі 2023 жылдың 17-21 сәуір аралығында «Операторлық өнер» мамандығы бойынша XV республикалық пәндік олимпиада өткізеді.

 

Пәндік олимпиаданың басты мақсаты- кәсіби білімдерін, жоғары мәдениеттілік пен шығармашылық қабілеттерін, кәсіби білім дағдыларын көрсету және операторлық шеберлік мамандығының аясында заманауи жаңа технологияларды тәжірибе жүзінде қолдана алу шеберлігін көрсету.

Бұл олимпиадаға дәстүрлі түрде өнер саласындағы ЖОО-ның студенттері қатысады: Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақ ұлттық өнер университеті және «Тұран» университеті.

 

Олимпиада бағдарламасы 48 сағат ішінде шығармашылық, практикалық және кәсіби бағыттарды орындау форматында тақырыптық бейне жұмыс тапсырмасын орындауды қамтиды.

 

Алматы қ., Сәтпаев к-сі, 16-18, 18а, «Turan Film Academy» ЖМ

Online қабылдау