Үздік студент – 2023!

2023 жылғы 27 сәуірде Астана қаласындағы Оқушылар сарайында «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы түріндегі заңды тұлғалар бірлестігін ұйымдастыру аясында «Жастар және ғылым: Тәуелсіздіктің жаңа бағыттары» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

 

Осы конференцияның нәтижесінде «Тұран» университетінің «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенттері Айсағалиева Айнәзи, Бақтыбай Айдана, Амантай Асылжан, Кәкімова Аруза, Исмаил Жолбарыс, Кетебаева Сая «Үздік студент ТМД 2023» халықаралық байқауының дипломдарымен және төсбелгілерімен марапатталды. Студенттердің жетекшісі – «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының PhD докторы Джумабаева Карлыгаш Асильхановна.

 

«Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасы жеңімпаздарды және олардың жетекшісін құттықтап, алдағы уақытта тек жеңістер тілейді!

Online қабылдау