Мақсатты «АТЫРАУ-МАҢҒЫСТАУ» білім беру гранттары айқындалды

Құрметті Атырау және Маңғыстау облыстарының түлектері!

Биыл арнайы Сіздер үшін қатарынан екінші жыл мақсатты «АТЫРАУ-МАҢҒЫСТАУ» білім беру гранттары айқындалды. Гранттың бұл түріне Атырау және Маңғыстау облыстарының 2023 жылғы түлектері ғана үміткер бола алады.

ЕСКЕРТУ: Мақсатты «Атырау-Маңғыстау» гранты шеңберінде конкурсқа қатысатын оқуға түсушілер бір мезгілде жалпы конкурсқа, оның ішінде «Серпінге» қатыса алмайды.

Конкурс нәтижесінде үміткерге ҰБТ балдары, артықшылықтары және таңдаған БББТ, аймағы және ЖОО бойынша мақсатты «Атырау-Маңғыстау» гранты беріледі.

«Тұран» университетінде сіз екі білім беру бағдарламалар тобын таңдай аласыз:

 

  • B057 Ақпараттық технологиялар
  • B059 Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар

«Тұран» университетінің коды – 093

Қосымша ақпарат бойынша  қабылдау комиссиясымен хабарлассаңыз болады:

 

8 727 260 40 00

8 771 260 40 40 (WhatsApp)

Қабылдау комиссиясы