Аймақтық Зерттеулер Орталығы жәдидтердің Өзбекстандағы Ағартушылық Қызметіне арналған Халықаралық Дөңгелек Үстел өткізді

2023 жылдың 25 мамырында Тұран университетінің «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасы жанындағы Аймақтық зерттеулер орталығы «Орталық Азияның мәдени кеңістігі» бастамасы аясында кезекті Халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Бұл жолы өткізілген дөңгелек үстел Еуразияның интеллектуалдық тарихы контекстінде XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы Өзбекстан жәдиттерінің ағартушылық қызметіне арналды. Дөңгелек үстел жұмысын «Тұран» университетінің стратегиялық даму, ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры проф.

 

Разакова Д.И., Аймақтық зерттеулер орталығының директоры проф. Камалов А.К. және Түркі халықтары мәдениетінің «Тұран әлемі» қорының директоры Махпиров К.Н. құттықтау сөзбен ашты. Жиынның пленарлық бөлімінде Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан ғалымдарының жәдидизм («Жадид» сөзі араб тілінде «жаңа» деген мағынаны білдіреді) деп аталатын мұсылман реформаторлары идеологиясының шығу тегі, жәдидшілердің ағартушылық қызметі және олардың Орталық Азия және көршілес аумақтар халықтарының интеллектуалдық тарихындағы рөлі туралы баяндамалары тыңдалды. Жиынға қатысушылардың назарына ҚР ЖБЖҒМ Р.Б. Сулейменов атындағы Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері, филос.ғ.к. Е.У. Байдаровтың («Түркістан жәдидшілігі және оның Орталық Азия халықтарының интеллектуалдық тарихына қосқан үлесі»), ҚР ЖБЖҒМ М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филол.ғ.д. А.Т. Хамраевтың («Орталық Азиядағы жәдидизмнің діни-ағартушылық идеяларының бастаулары туралы») ғылыми баяндамалары ұсынылды. Өзбекстан ғалымдары да қызықты баяндамалар жасады: С.Н. Мадьярова (Мирзо Ұлықбек атындағы Ұлттық университеті, ф.ғ.д.) татар жәдидшісі Нуширван Яушевтің өмірі, қызметі және оның Шығыс Түркістанға (Шыңжаң) сапары туралы әңгімеледі. PhD доктор, доцент Б.Б. Хайназаров «Түркістан жәдиттерінің шетелдік прогрессивті зиялылармен байланысы» тақырыбында баяндама жасаса, ф.ғ.к. Р.Н. Тұрсынов (Мирзо Ұлықбек атындағы Ұлттық университетінің доценті) XX ғасырдағы Түркістан жәдиттерінің қоғам мен экономикаға қатысты көзқарастары туралы зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті.

 

Жәдидшілер мен олардың ағартушылық қызметі туралы баяндамаларды талқылауға Өзбекстанның Алматыдағы Бас консулдығының, Орталық Азия елдерінің Алматыдағы консулдық және дипломатиялық өкілдіктерінің, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ғалымдар, зерттеушілер, қоғам қайраткерлері қатысты. Баяндамалар мен талқылаулар Дөңгелек үстел жұмысына қатысқан «Тұран» университетінің оқытушылары мен студенттерінің үлкен қызығушылығын тудырды. Шараға қатысушылар Орталық Азия халықтары мен Орталық Азияның біртұтас мәдени кеңістігін құрайтын мәдениет қауымдастығының интеллектуалдық тарихының өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік бергені үшін «Тұран» университетінің Аймақтық зерттеулер орталығына алғыстарын білдірді. Дөңгелек үстел Түркі халықтарының мәдениеті қоры (директоры: К.Н. Махпиров) және «Тұран» университеті жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасымен бірлесіп өткізілді.

Online қабылдау