Мамандандыру аймағының Тілдер фестивалі (Қытай және Түрік)

2023 жылдың 21 қарашасында Тұран университетінде “Аймақтану және халықаралық қатынастар”кафедрасы мамандану аймағы тілдері фестивалін өткізді. Фестивальді өткізу мақсаты – білім алушыларды шығыс елдерінің мәдениетімен және тілдерінің алуандығымен таныстыру, сондай-ақ түрік және қытай тілдерінің бірегейлігін көрсету. Фестиваль аясында «Аймақтану» және «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының студенттері Тұран университетінде бүкіл оқу кезеңінде оқитын түрік және қытай тілдерін терең меңгергендіктерін көрсетті. Фестивальге Қазақстанның жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері қатысып, ұсынылған тілдің (түрік немесе қытай) мәдениетін көрсететін шығармашылық қойылым көрсетті, сондай-ақ фестивальге қатысушы Алматы қаласы мектептерінің оқушылары “Тұран”университетінің (“Халықаралық қатынастар”,”Аймақтану”)білім беру бағдарламаларына қызығушылықтарын танытты.

Online қабылдау