Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының бірі «Туран университеті» мекемесі Алматы қаласының 9-11 сынып оқушылары мен колледждерінің дарынды оқушыларын анықтау және қолдау мақсатында 2024 жылдың 11 наурызынан 29 наурызына дейін экономикалық факультеттің «Ақпараттық технологиялар» кафедрасы негізінде зияткерлік робототехника бойынша «Turan Robo-Start» конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды.
Іс-шараның жалпы жүлде қоры 100 000 теңгені құрайды. Конкурс «Дом печати «Баспагер» ЖШС компаниясының қолдауымен өткізіледі.
Конкурстың жұмыс тілдері: қазақ және орыс.
Конкурс екі кезеңнен тұрады:
- онлайн форматта өтетін 1-ші іріктеу туры (тестілеу);
- 2-ші негізгі тур офлайн режимінде өтеді (робототехника (Arduino UNO) бойынша жоба құру).
Бағдарламалау тілдері:
- C++;
- Python;
- JavaScript және басқа да программалау тілдері.
Бағдарламалау ортасы (IDE):
- Arduino IDE;
- Proteus;
- Arduino UNO-ны симуляция жасауға арналған кез-келген онлайн платформалар.
Конкурс бағдарламасы:
- қатысушыларды тіркеу 11 наурыздан 17 наурызға дейін
- 1 турды өткізу – 18 наурыз 2024 ж., 14.00 -15.00 сағ.
- 1 турдың нәтижелерін жариялау – 19 наурыз 2024 ж.
- 2 турды өткізу – 29 наурыз 2024 ж., 14.00 – 17.00 сағ.
- жеңімпаздарды марапаттау – 29 наурыз 2024 ж., 30 сағ.
Жол жүру, тұру және тамақтану шығындары қатысушылардың жеке есебінен жабылады.
Тіркелу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.
Ұйымдастыру комитеті:
- жауапты басшы: Байтенова Лаура Маратовна, э.ғ.д., профессор, «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, l.baitenova@turan-edu.kz, +7 707 311 10 30
- техникалық орындаушы: Кальпебаев Азамат Рахимович, АЖ магистрі, «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының сениор-лекторы, a.kalpebayev@turan-edu.kz, +7 707 705 02 95 (+7 777 200 26 79)
- кері байланыс үшін жауапты: Ким Екатерина Романовна, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор, kim@turan-edu.kz, +7 777 702 4472
Молдахалықова Баян Жоямбергеновна, «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының сениор-лекторы, b.moldakalykova@ turan-edu.kz, +7 777 368 0925