Зияткерлік робототехника бойынша «Turan Robo-Start» конкурсы

Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының бірі «Туран университеті» мекемесі Алматы қаласының 9-11 сынып оқушылары мен колледждерінің дарынды оқушыларын анықтау және қолдау мақсатында 2024 жылдың 11 наурызынан 29 наурызына дейін экономикалық факультеттің «Ақпараттық технологиялар» кафедрасы негізінде зияткерлік робототехника бойынша «Turan Robo-Start» конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды.

 

Іс-шараның жалпы жүлде қоры 100 000 теңгені құрайды. Конкурс «Дом печати «Баспагер» ЖШС компаниясының қолдауымен өткізіледі.

 

Конкурстың жұмыс тілдері: қазақ және орыс.

 

Конкурс екі кезеңнен тұрады:

 

  • онлайн форматта өтетін 1-ші іріктеу туры (тестілеу);
  • 2-ші негізгі тур офлайн режимінде өтеді (робототехника (Arduino UNO) бойынша жоба құру).

 

Бағдарламалау тілдері:

 

  • C++;
  • Python;
  • JavaScript және басқа да программалау тілдері.

 

Бағдарламалау ортасы (IDE):

 

  • Arduino IDE;
  • Proteus;
  • Arduino UNO-ны симуляция жасауға арналған кез-келген онлайн платформалар.

 

Конкурс бағдарламасы:

 

  • қатысушыларды тіркеу 11 наурыздан 17 наурызға дейін
  • 1 турды өткізу – 18 наурыз 2024 ж., 14.00 -15.00 сағ.
  • 1 турдың нәтижелерін жариялау – 19 наурыз 2024 ж.
  • 2 турды өткізу – 29 наурыз 2024 ж., 14.00 – 17.00 сағ.
  • жеңімпаздарды марапаттау – 29 наурыз 2024 ж., 30 сағ.

 

Жол жүру, тұру және тамақтану шығындары қатысушылардың жеке есебінен жабылады.

 

Тіркелу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.

 

Ұйымдастыру комитеті:

 

  • жауапты басшы: Байтенова Лаура Маратовна, э.ғ.д., профессор, «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, l.baitenova@turan-edu.kz, +7 707 311 10 30
  • техникалық орындаушы: Кальпебаев Азамат Рахимович, АЖ магистрі, «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының сениор-лекторы, a.kalpebayev@turan-edu.kz, +7 707 705 02 95 (+7 777 200 26 79)
  • кері байланыс үшін жауапты: Ким Екатерина Романовна, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор, kim@turan-edu.kz, +7 777 702 4472

Молдахалықова Баян Жоямбергеновна, «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының сениор-лекторы, b.moldakalykova@ turan-edu.kz, +7 777 368 0925

Қабылдау комиссиясы