Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (АРТА) сапары

2024 жылы 1 сәуірде халықаралық институционалдық аккредиттеу шеңберінде Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (АРТА) сыртқы сараптау комиссиясы «Тұран» университетіне келді.

 

Кездесу сараптама тобының басшысы АРТА үйлестірушісімен және «Тұран» университеті» мекемесінің басшылығымен бірлесіп әзірлеген бағдарламаға сәйкес өтті. Бағдарламаға сәйкес бірінші күннің нәтижелері бойынша университет басшылығымен, барлық құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, факультет декандарымен, кафедра меңгерушілерімен және ББ басшыларымен, профессор-оқытушылар құрамымен және білім алушылармен сұхбат-кездесулер ұйымдастырылды. Сонымен қатар оқытушылар мен білім алушылар агенттік әзірлеген сауалнамаға қатысты. Сыртқы сапар аясында сарапшы-мамандар университеттің оқу-материалдық базасымен танысып, нәтижелерді талқылап, бірінші күннің қорытындысын шығарды.

Online қабылдау