Халықаралық мамандандырылған аккредиттеу шеңберіндегі АРТА сыртқы сараптама комиссиясының сапары аяқталды

2024 жылдың 3–5 сәуірі аралығында халықаралық мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (АРТА) сыртқы сараптау комиссиясының «Тұран» университетіне үш күндік сапары өтті.

Аккредиттеу рәсіміне 13 білім беру бағдарламасы қатысты.

 

  1. 7M04106 Іскерлік әкімшілік (МВА)
  2. 7M04107 Іскерлік әкімшілік (EMBA)
  3. 8D04104 Іскерлік әкімшілік (DBA)
  4. 7M06103 Ақпараттық жүйелер
  5. 6B06103 Интеллектуалды робототехника
  6. 6B06104 Бағдарламалық инженерия
  7. 6B02153 Кино және теледидар өндірісі (бастапқы аккредиттеу)
  8. 6B04203 Бизнесті құқықтық сүйемелдеу (корпоративтік заңгер) (бастапқы аккредиттеу)
  9. Инновациялық ББ 6В11103 Туризм және қонақжайлылық инновацияларының менеджменті (бастапқы аккредиттеу)
  10. 7M03108 Клиникалық психология
  11. 6B02102 Операторлық өнер
  12. 7M02102 Операторлық өнер
  13. 6B02103 Актерлік өнер

Сапар барысында бекітілген бағдарламаға сәйкес сарапшылар университет басшылығымен, факультет декандарымен, кафедра меңгерушілерімен және білім беру бағдарламаларының басшыларымен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен кездесіп; профессор-оқытушылар құрамымен, білім алушылармен, жұмыс берушілермен және университет түлектерімен сұхбат жүргізді; білім алушылар мен ПОҚ-тан сауалнама алды; университеттің оқу-материалдық базасын тексерді; тәжірибе базасына – кәсіпорындарға барды.

 

Сондай-ақ сапар барысында сарапшылар кесте бойынша ПОҚ сабақтарына қатысып, кафедралар мен басқа да бөлімшелердің құжаттамасымен жұмыс жүргізді. Университет ұсынған ішкі нормативтік құжаттарды және сапар барысында алынған ақпаратты зерделеу негізінде сараптама тобы аккредиттелетін білім беру бағдарламаларының сапасын одан әрі арттыру мақсатында бірқатар ұсынымдар әзірледі. Ұсынымдар сыртқы сараптама комиссиясының университет басшылығымен қорытынды кездесуінде ұсынылды.

Online қабылдау