2024-2025 оқу жылына арналған Польша, Kalisz университетімен Erasmus+ бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлыққа арналған гранттық қаржыландыру конкурсы

Құрметті бакалавриат студенттері!

 

Польшадағы Kalisz университетімен Erasmus + бағдарламасы туралы келісімге сәйкес 2024–2025 оқу жылына шетелде академиялық ұтқырлық бойынша гранттық қаржыландыруға конкурс жарияланады.

 

Гранттар саны – 1.

 

Ұтқырлықтың жоспарлы кезеңі: 2024 жылғы 1 қазаннан 2025 жылғы 16 ақпанға дейін.

 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

 

  • Маркетинг, Менеджмент білім беру бағдарламасының студенттері болу.
  • мемлекеттік білім беру грантында оқитын, тәртіптік жазалары мен академиялық қарыздары жоқ бакалавриаттың 2 және 3 курс студенттері.
  • GPA-3.0-ден төмен емес.
  • IELTS 5.5 немесе TOEFL 46 деңгейінде ағылшын тілін білу.

 

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімі:

 

  • өтініш (Қосымша 1);
  • төлқұжаттың көшірмесі;
  • транскрипт;
  • шет тілін білетіндігін растайтын сертификат;
  • білім беру бағдарламасы басшысының ұсыныс хаттары.
  • марапаттар, сертификаттар, жарияланымдар және т. б.;

 

Құжаттар 2024 жылғы 12 сәуірге дейінгі мерзімде халықаралық ынтымақтастық бөліміне тапсырылуы тиіс (каб. 707).

 

Толық ақпарат алу үшін ХЫБ маманы Кенжебаева Жадыраға (каб.707), электрондық пошта арқылы international@turan-edu.kz немесе +7 (727) 260 4023 (ішкі.1045) нөмірі арқылы жеке хабарласуыңызды сұраймыз.

 

Қосымша 1
Online қабылдау