Студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың “Innotech Connect: идеялар мен технологияларды біріктіру” халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

“Тұран” университеті мен “ақпараттық технологиялар” кафедрасы барлық ниет білдірушілерді 2024 жылғы 12 сәуірде өтетін “innotech Connect: идеялар мен технологияларды біріктіреміз” атты студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады.

 

Конференцияда Қазақстанның әртүрлі жоғары оқу орындары мен ғылыми институттарының оқытушылары мен ғалымдары, бизнес-қоғамдастық және IT-сала өкілдері баяндама жасайды. Сондай-ақ, Қазақстан, Ресей, Италия, АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея, Гонконг және т. б. түрлі жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары, докторанттары мен жас ғалымдары өздерінің ғылыми идеялары мен инновацияларымен бөліседі.

 

Конференция бағдарламасымен сілтеме бойынша толығырақ таныса аласыз.

 

Online қабылдау