«Тұран» колледжінің АТ бағытындағы білім алушылар үшін Ашық Есіктер Күні

2024 жылдың 15 наурызында “Тұран” университетінің Маркетинг және қабылдау кампаниясы департаменті және “Ақпараттық технологиялар”, “Компьютерлік және бағдарламалық инженерия” және “Радиотехника, электроника және телекоммуникация” кафедралары “Тұран”колледжінің АТ бағытындағы 80-ге жуық білім алушыны қабылдаған Ашық есіктер күнін өткізді.

 

Ашық есіктер күні білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар контингентін ұлғайту үшін университеттің, оның ішінде кафедралардың кәсіптік бағдарлау іс-шараларының құрамына кіреді.

 

Колледж білім алушыларының алдында “Prometheus Corp” ЖШС бас директоры Досхожа Руфат “Қазақстандық нарықтағы IT мамандығының болашағы” тақырыбында сөз сөйледі, т. ғ. к.. “Ақпараттық технологиялар” кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ким Екатерина Романовна “Болашақ мамандарды даярлаудағы ЖОО студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысының рөлі” тақырыбында және Құламбаев Бақытжан Оразалиевич – т. ғ. к., қауымдастырылған профессор, “Радиотехника, электроника және телекоммуникация” кафедрасының меңгерушісі “Телекоммуникация инженері жақсы мамандық па?”.

 

Сондай-ақ, қатысушылар жоғары оқу орнының инфрақұрылымымен және “Тұран” университетінің АТ бағытындағы білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу ережелерімен танысты: 6В06101 – Ақпараттық жүйелер, 6В06103 – Зияткерлік робототехника, 7M06101 (7M06103) – Ақпараттық жүйелер, 7M06105 – IT Қызметтерді басқару, 6B06104 – Бағдарламалық инженерия, 6B06102 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, 7М06102 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамсыздандыру, 6В06201 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация.

 

Әдеттегідей, іс-шара соңында қатысушылар арасында Kahoot ойыны өткізілді. Олардың арасында 3 жеңімпаз университеттің брендтелген өнімі түріндегі естелік сыйлықтар алды.

Online қабылдау