Тұран университетіндегі Наурыз мерекесіне арналған іс-шара

2024 жылдың 12-ші сәуірі күні «Тұран» университетінде «Халықаралық қатынастар» мамандығының (STEM) 1 курс студенттері«Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өткізді (ұйымдастырушы: «Журналистика және аударма ісі» кафедрасының сениор-лекторы Жагипарова М.М.).

 

Қазақ халқы жыл басы саналатын Наурыз мейрамына ерекше мән берген. Бұл күні ағаш отырғызып, бұлақтарды тазартып, дастархан жайып бір-бірін қонаққа шақырған. Сонымен қатар, бұл мерекеде жақындарын қуантуды ұмытпай, сый тарту ету дәстүрге айналған.

 

Жүргізушілер Диана Бошқұлова мен Мөлдір Иманғазы Наурыз мейрамының тарихына шолу жасай отырып, жас ұрпақ үшін мерекенің маңыздылығына тоқталды. Іс-шара Қыдыр атаның батасымен басталды. Іс-шарада «Шашу» дәстүрі орындалды. «Селт еткізер» және «Ұйқыашар» дәстүрлері көрсетілді. Іс-шара барысында Наурыз мейрамының қалай тойланатыны туралы, ұлттық ойын түрлеріне және салт-дәстүрлерге қатысты сұрақ-жауап сайысы өткізілді. Сұрақтарға дұрыс жауап берген қатысушыларға кішігірім сыйлықтар табыс етілді.

 

Абикарова Мадина «Ерке сылқым» күйін нақышына келтіре орындап, қатысушыларға керемет көңіл-күй сыйлады. Бошқұлова Диана мен Сұлтанова Сания «Қазақ биін» биін орындап мерекенің сәнін келтірді. Ал, Якупжанова Дильназ мен Баудунова Сажидам ұйғыр биімен тәнті етті. Іс-шара «Наурыз көктем» әнін хормен орындаумен аяқталды.

 

Іс-шараның екінші бөлімінде студенттер қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынып, олардың жасалу жолдарын түсіндірді.

Online қабылдау